Трикотаж ұйық бұйымдарының сапасын арттыру жолдары
https://doi.org/10.48184/2304-568X-2026-1-180-187
Аңдатпа
Бұл мақалада әртүрлі елдерде өндірілген ерлер ұйық (шұлық) бұйымдарының сапалық көрсеткіштері салыстырылып, олардың сапасын арттыру жолдары жан-жақты зерттелді. Зерттеу объектілері ретінде Қазақстан, Қытай, Түркия, Корея және Өзбекстан елдерінде өндірілген классикалық ерлер ұйықтары таңдалды. Негізгі зерттеу әдістері ретінде тоқыма бұйымдарының тозуға төзімділігін анықтау, ауа өткізгіштік көрсеткішін өлшеу, токсиндік индексін талдау, бояудың жууға, үйкеліске және терге тұрақтылығын тексеру, сондай-ақ өнім бетіндегі электр өрісін анықтау қолданылды. Нәтижелер Түркия өндірісіндегі ұйық бұйымдарының физика-механикалық және гигиеналық қасиеттері бойынша ең жоғары деңгейде екенін көрсетті. Бұл олардың тығыз тоқыма құрылымы мен жоғары сапалы табиғи талшықтарды қолдануымен түсіндіріледі. Өзбекстан және Корея өнімдері кейбір көрсеткіштер бойынша төмен нәтиже көрсетті, ал Қазақстан және Қытай өнімдері орташа көрсеткішке ие болды. Зерттеу нәтижелері тоқыма және трикотаж бұйымдарының сапасын арттыру үшін табиғи талшық үлесін көбейту, экологиялық таза материалдарды пайдалану, өрім құрылымын жетілдіру және заманауи өндіріс технологияларын енгізудің маңызды екенін көрсетті. Сондай-ақ, сапалы және қауіпсіз өнім өндіру арқылы тұтынушы денсаулығын қорғау және жеңіл өнеркәсіп саласының даму деңгейін көтеру мүмкін екендігі дәлелденді. Бұл жұмыс трикотаж бұйымдарын сапалы, ұзаққа шыдамды және гигиеналық тұрғыдан қауіпсіз етуге бағытталған нақты ұсыныстар береді.
Тірек сөздер
Автор туралы
А. С. АбишоваҚазақстан
050012, Алматы қ., Төле би көш., 100
Әдебиет тізімі
1. Одинцова, О. И. Текстильные вспомогательные вещества в процессах заключительной отделки тканей / О. И. Одинцова, О. В. Козлова, М. А. Вельбой. – М., 2014. – 204 с.
2. Полянская, Т. В. Особенности технологии обработки трикотажных изделий / Т. В. Полянская. – М., 2006. – 156 с.
3. Малинина, В. М. Крашение и отделка чулочно-носочных изделий / В. М. Малинина. – М., 2005. – 178 с.
4. Труханова, А. Технология швейного производства / А. Труханова. – М. : Высшая школа, Академия, 2001. – 336 с.
5. Кричевский, Г. Е. Роль химии в производстве текстиля. Эволюция и революции в текстильной химии / Г. Е. Кричевский // Российский химический журнал (Ж. Рос. об-ва им. Менделеева Д. И.). – 2002. – Т. XLVI, № 1. – С. 45–52.
6. Разуваев, А. В. Новый подход к вопросу об индивидуальной гигиене и его связь с ростом потребности в использовании биологически активного текстиля / А. В. Разуваев // Текстильная промышленность. – 2011. – № 4. – С. 23–26.
7. Боссарт, М. Гигиеническая защита текстильных материалов / М. Боссарт // Российский химический журнал. – 2002. – № 2. – С. 31–35.
8. Разуваев, А. В. Новые экологические требования к текстилю в Европе / А. В. Разуваев, А. Г. Новорадовский // Текстильная химия. – 2002. – № 2. – С. 16–20.
9. ГОСТ 8541–94. Требования к чулочно-носочным изделиям [Электронный ресурс]. – Режимдоступа:https://studbooks.net/865264/marketing/trebovaniya_chulochno_nosochnym_izdeliyam_gost_8541
10. Метод испытания устойчивости окраски к стиркам [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://docs.cntd.ru/document/1200018520
11. Методы испытаний устойчивости окрасок к поту [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://docs.cntd.ru/document/1200018522
12. Текстильное материаловедение : учеб. пособие. – М. : КолосС, 2011. – 362 с. [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://library.atu.kz/files/9191.pdf
13. Карагандинская чулочно-носочная компания ТОО «ТЭГАМ» [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://www.id.theclinics.com/article/S0891-5520(03)00060-6/pdf
14. Гигиенические нормативы. ГН 2.1.5.1315–03. – М., 2003.
15. ТР ТС 007/2011 «О безопасности продукции лёгкой промышленности».
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Абишова А.С. Трикотаж ұйық бұйымдарының сапасын арттыру жолдары. Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. 2026;151(1):180-187. https://doi.org/10.48184/2304-568X-2026-1-180-187
For citation:
Abishova A.S. Ways to improve the quality of knitted hosiery products. The Journal of Almaty Technological University. 2026;151(1):180-187. (In Kazakh) https://doi.org/10.48184/2304-568X-2026-1-180-187
JATS XML



















